Қарағандыда ауыл мектебінің түлектеріне ҰБТ-ға дайындалуға көмектеседі
2021 жылғы 7 қыркүйек 21:25

Қарағандыда ауыл мектебінің түлектеріне ҰБТ-ға дайындалуға көмектеседі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Ауылдық аудандар мен аз қамтылған отбасы оқушылары, сондай-ақ мүгедектігі бар балалар ҰБТ-ға тегін дайындала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай бастаманы Samgau академиясы іске асырмақ. Ол Қарағанды облысының білім басқармасымен және «Сарыарқа адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен меморандум жасасты.

«Өткен жылы біздің академия 110 түлекті тегін оқытып үлгерді. Оның 23-і грантқа түсті. Осы жылы біз ауылдық мектеп оқушыларын, әлеуметтік қорғалмаған топтардан шыққан және мүгедектігі бар балаларды тегін оқытуды жалғастыруға ниеттіміз. Арнайы бағдарлама арқылы осындай мыңға жуық баланы онлайн-оқытумен қамту жоспарлануда», – деп атап өтті Samgau жобасының директоры Ардақ Жакин Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте.

Тегін оқуды қажет ететін түлектердің тізімін білім басқармасы жасайды.

Сондай-ақ, аталған санаттарға жататын он бірінші сынып оқушыларының ата-аналары оларды WhatsApp-8-705-234-07-53 нөмірі немесе білім жобасының сайты арқылы өз бетінше жаза алады.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT