Қарағандыда атышулы шенеунік қамауға алынды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау қалалық соты «Оқжтпес Т» коммуналдық кәсіпорнының директоры Ерлан Өтешовті қамауға алу жөнінде санкция берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Судья Шерван Аюбекова тергеу органдарына күдіктіні екі ай қамауда ұстауға рұқсат берді. Қылмыстық-процессуалдық кодексте осындай мерзім қарастырылған.

Теміртау қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, судья күдіктіге 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша төлеп, тергеу уақытында «кепіл» шарасы бойынша жүруге рұқсат етті.

«Сот 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде кепілдікке ақша төлеу құқын бере отырып, екі айға қамауға алу қажет деп шешті. Сот санкциялау кезінде дәлелдер мен қамаудағы адамның кінәлі екендігіне баға бермейді», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Осыған дейін, «Оқжетпес Т» коммуналдық кәсіпорынының директоры Ерлан Өтешовтің бюджет қаржысын жымқырғаны туралы хабарланған болатын. Оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы мен 3-бөлімі негізінде өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, қаржы жымқырды деген айып тағылып отыр.

Алдын ала тергеу амалдары бойынша, Ерлан Өтешов Теміртау жылу және су магистральдарындағы құбырларды ауыстыру үшін оларды жоғары бағамен сатып алу шарасын ұйыдастырып, қаржының бірқатар бөлігін иемденіп алған. Сонымен қатар аталмыш шенеунік ішімдікке сылқия тойып алып, көлік жүргізіп жол апатына себепші болған және осы апаттың салдарынан 1 әйел қаза тауып, екі адам зардап шеккеннен кейін ерекше «танымал» болған еді.

Кейін Өтешов Қарағанды облысы Энергетика басқармасының басшысы қызметінен босатылып, «Нұр Отан» партиялық билеті мен жүргізуші куәлігінен 4 жылға айырылған болатын. Ал жол апатына байланысты іс екі тараптың мәмілеге келуіне байланысты тоқтатылған еді.

Соңғы жаңалықтар