Қарағандыда атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 2022 жылы қарағандылықтар үшін атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) ресімдеу тәртібі өзгерген жоқ. Қалалық әкімдікті әлеуметтік көмекті қалай және қай мекенжай бойынша рәсімдеуге болатынын еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Егер 2021 жылдың төртінші тоқсанында тұрғындар АӘК алушылар болмаса, egov.kz порталы арқылы өтініш беру қажет.

Бұдан әрі жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларындағы құжаттардың АӘК тағайындау өлшемшартына сәйкестігін тексереді.

Учаскелік комиссия отбасын материалдық-тұрмыстық тексеру актісін жасайды.

Оның нәтижесі бойынша АӘК тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылданады.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау 2021 жылдың төртінші тоқсанында алғандар үшін автоматты түрде ұзартылады.

АӘК қайта тағайындау үшін отбасының табысын, тұрғылықты жері бойынша тіркелуінің болуын, жылжымайтын мүліктің болуын және т.б. тексереді, егер отбасының құрамы өзгерген жағдайда, өтініш берушіге Қарағанды қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына Бұқар жырау даңғылы, 51/4 мекенжайы бойынша хабарлау қажет. Телефондар: 99-64-02, 99-64-04.


Соңғы жаңалықтар