Қарағандыда Астананың 20 жылдығына арналған кадет кеші өтті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Астананың 20 жылдығына орай «Виват, кадет!» атты жыл сайынғы бесінші кадет кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз мерейтойлық бесінші кадет кешін өткіздік. Мектеп қабырғасында бес жыл бұрын алғаш рет кадет сыныптары ашылған болатын. Жыл сайын жас кадеттердің қатары толығып жатыр. Бұл жолы шараға үш жүз оқушы қатысты. Біз жыл бойына дайындалдық. Оқушылар би негіздерін үйренді, еңбегіміз зая кетпеді деп ойлаймын», - деді №58 орта мектеп директоры Татьяна Балғабекова.

Қатысушылар іс-шараны классикалық бал ретінде өткізуге тырысты. ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскери оркестрі де қатысты, дәстүрлі балдық билер - полонез және вальс болды.

«Кадеттер қатарына балалар 5 жастан бастап қабылданады. Кадет сыныбына түсу үшін оқушылар дене тәрбиесінен, математикалық логикадан емтихан тапсырады. Психологпен және әскери тәрбиешілермен әңгімелесуден өтеді. Қазір Қарағанды облысы бойынша кадет сыныптары бар 11 мектеп жұмыс жасайды, ал қаланың өзінде - 7», - деді бал ұйымдастырушылары.

Илья Григорьев - Қарағанды қаласының №58 орта мектебінің 6-сынып оқушысы. Кадеттер қатарында жүргеніне - 2 жыл. Ол үшін кадет балы - өте маңызды әрі айтулы шара.

«Бұл - мен үшін жұп болып билеген екінші бал. Ал мектепте кадеттердің қосымша сабақтарын өткізбеймін. Мысалы, мен автоматтарды шашып, қайта жинағанды ұнатамын. Сондай-ақ, біз әртүрлі байқауларға қатысып, үнемі жүлделі орындарды иеленеміз», - деп бөлісті бал қатысушысы.

Таныстыру шарасы бал ханшайымының шығуымен және барлық қатысушылардың биімен жалғасты. 300-ден астам оқушы, 100-ден аса жұп бір уақытта классикалық билерін паш етті. Үш сағаттық бағдарламада жас кадеттер жиырмадан астам өнер көрсетті.

Құрметті қонақтар тізімінде облыстың және қаланың басқарушы құрылымдарының өкілдері, ардагердік ұйымдар өкілдері, сондай-ақ, Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдерінің командирлері болды. 

Соңғы жаңалықтар