+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қарағандыда Ассамблея өкілдері көмекке зәру жандарға қол ұшын созды

2020 жылғы 2 сәуір 17:31
Бөлісіңіз:
Қарағандыда Ассамблея өкілдері көмекке зәру жандарға қол ұшын созды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері өңірдің мұқтаж тұрғындарына көмек көрсетуде. Соңғы бірнеше күнде тұрмысы төмен отбасыларға бірнеше тонна азық-түлік таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде 5 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек алады

«Татар және башқұрт Қазақстан конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының төрағасы Шамиль Осин тұрмысы төмен отбасыларға 12 тонна азық-түлік пен көкөніс беріп, көмек көрсетті. Ал тәжік этномәдени бірлестігінің өкілдері Әнет Баба мешітінің орталық штабына алғашқы қажетті азық-түлік жеткізді.

«Бүкіл әлем мен еліміз өте күрделі кезеңді бастан кешкен уақытта бірлік пен ынтымақтық танытудың маңызы зор. Коронавирус індеті біз үшін ортақ қауіп болып табылады және ол ұлт немесе дінді таңдамайды. Біз, қазақстандықтар, көптеген сынақтарды бастан кешірген елміз. Бұл жолы да қиындықты жеңеміз деп сенеміз. Елдегі ТЖ және Қарағанды облысында жарияланған карантин салдарынан көп азаматтар өзін ең қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай қалды», - дейді Қарағанды облыстық ҚХА өкілдері.

Сондай-ақ, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы аймақтық штабының еріктілері қоғамдық көлік жүргізушілеріне медициналық бетперде беруді жалғастыруда және жедел жәрдем қызметкерлеріне ыстық тамақ беруді ұйымдастырады. Аналар кеңесінің мүшелері маскалар тігеді және олар түскі ас дайындайды.

«Бұл жұмыс жалғасады. Қиын уақыттарда қайырымдылық көрсету біздің ортақ парызымыз», - деп есептейді ҚХА өкілдері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT