+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Қарағандыда әскери қызметшілер аумақтар мен ғимараттарды дезинфекциялауға көмектесуде

2020 жылғы 26 наурыз 23:18
Бөлісіңіз:
Қарағандыда әскери қызметшілер аумақтар мен ғимараттарды дезинфекциялауға көмектесуде

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда әскери қызметшілер аумақты, ғимараттар мен нысандарды дезинфекциялайды. ҚР Қорғаныс министрлігі қала билігіне көмек ретінде радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімшелерінің сарбаздарын жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дезинфекциялау жұмыстарын әскери қызметшілер 26 наурызда бастады. Бүгін теміржол және автовокзалдарды арнайы өңдеу жүргізілді.

Облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайлары тіркелген жоқ. Екі пациент емдеу курсын алуды жалғастыруда.

Тәулік бойы бақылау жасайтын карантинде 314 адам бар. Бұл 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар. Тағы 152 адам үй жағдайында карантиннен өтуде.

Облыста 9000-нан астам нысанда санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді. Міндетті қауіпсіздік шараларының орындалуы қадағаланады. Тәртіп бұзушылықтар нысандардың қызметін тоқтатуға дейін қатаң жаза қолдану арқылы жойылуда.

Тәртіп бұзушыларға қатысты полицейлер сотқа 45 әкімшілік іс тапсырды. 12 дерек бойынша кінәлілер айыппұл төлейді. 5-і әкімшілік қамауға алынды. Қалған 28 іс алдағы күндері қаралатын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT