Қарағандыда ашық аспан астындағы кітапхана ашылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды тұрғындары үшін ашық аспан астындағы «Жазда кітап оқитын қала» кітап оқу маусымы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл ашық аспан астындағы жазғы оқу залын алтыншы рет өткізіп отырмыз. Форматы бұрынғыдай. Кітап оқитындар мен жалпы осы іс-шараға қызығушылық танытып жатқан адамдар саны жыл санап артып жатыр. Мысалы, біз былтыр үш айдың ішінде 800-ден астам адамға қызмет көрсеттік. Оқырмандарға 2 893 кітап тараттық. Біз кітап сүйер қауымға кітапхана қорынан емес, бізге тегін берген кітаптарды ұсынамыз», - деді Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Айнұр Шаймұханбетова.

Адамдар өздері оқыған кітаптарын әкеліп, оларды қызықты кітаптармен алмастыру үшін келеді. Ұйымдастырушылар бес жылдың ішінде 3 мыңнан астам адамға, соның ішінде 400 балаға қызмет көрсеткен.

Жазғы оқу залы 14 маусымнан 23 тамызға дейін аптасына екі рет (сейсенбі және бейсенбі) сағат 11-ден 16-ға дейін жұмыс істейді. Ол Әлиханов көшесінде білім беру басқармасының ғимаратына қарама-қарсы саябақта орналасады. 

Соңғы жаңалықтар