Қарағандыда «Armanǵa jol-2019» жартылай марафоны өтеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жыл сайын өтетін «Armanǵa jol» жартылай марафоны Қарағанды қаласында 19 мамырда өтеді. Қатысушыларды тіркеу басталды, ережелер мен бағыттар да белгіленіп қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараны ұйымдастырушылар ниет білдірушілерді түрлі қашықтықтарға жүгіруге шақырады. Олардың ең бастысы - Armanǵa jol жартылай марафоны (21 шақырым). «Спутник» деп аталатын екінші дистанцияның ұзындығы -14 шақырым. Бұл додаға қатысуға тек кәмелетке толғандарға ғана рұқсат беріледі.

Кез келген жастағы және мүмкіндігі шектеулі қатысушылар ұзындығы 7 шақырымды құрайтын «Достық» дистанциясын жүгіріп өте алады. Ал 8-ден 13 жас аралығындағы балаларды екі шақырымға созылған «Балапан» қашықтығына шақырады.null

Биылғы жылы скандинав жүрісі бойынша бөлек номинация қосылған. Оған қатысушылар 7 шақырымды жүріп өтулері керек, жүруге арналған таяқты өздерімен бірге ала келулері тиіс.

«Armanǵa jol» басты жүгіру додасы ақылы. Оған қатысу үшін 2000 теңге төлеу қажет. Қалған қашықтықтарға жүгіру үшін төлем жасаудың қажеті жоқ.

Шараға қатысу үшін өтінішті марафонның сайтына тапсыруға болады. Әрбір қатысушы тіркеу нөміріне жеке куәлігінің немесе туу туралы куәліктің көшірмесін, өз денсаулығы үшін өзі жауап беретіні туралы қолхат бекітуі тиіс. Ал 8-13 жастағы балалар ата-аналарының атынан рұқсаттама ұсынулары керек.

Бүгінгі таңда жартылай марафонға 541 қатысушы тіркеліп қойды. Осы күнге дейін өтініш бергендердің арасында 14 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтеміз деп ниет білдірушілер саны 730 адамнан асқан. «Достық» дистанциясына өтініш бергендер саны 1800 адамнан асады, ал «Балапан» додасына 400-ден астам өтініш келіп түскен.

Тегін жаттығулар осы жексенбіде Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді.

«Арманға жол» қарағандылық жартылай марафоны алғаш рет 2017 жылдың 3 маусымында өткен болатын. Енді бұл жарыс жыл сайын өтетін дәстүрлі жарысқа айналып, тұрақты өткізу уақыты мамыр айының әрбір жексенбісі деп белгіленген.

Қарағандылық жартылай марафонның трассасы AIMS (Халықаралық жартылай марафондар мен жүгірулер қауымдастығы) сертификатына ие. Ол дегеніміз, аталмыш жарыс әлемдік спорттық шаралар күнтізбесіне енгізіліп, оның нәтижелерін IAAF Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының қауымдастығы мойындап, кәсіби спортшылар рейтингіне ықпал ете алады дегенді білдіреді.

null

Соңғы жаңалықтар