Қарағандыда археологтардың халықаралық симпозиумы өтеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында бірегей Сарыарқа пирамидасының алаңында ашық аспан астындағы мұражай салынады деп жоспарлануда. Ал алдағы күз айларында қарағандылықтар халықаралық археологтар симпозиумын өткізеді.

Бұл туралы аймақ басшысы Ерлан Қошанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты. 

- Өткен жылы халық арасында Сарыарқа пирамидасының ашылуы үлкен қызығушылық тудырған болатын. Ол туралы әлемдік БАҚ-тар да жазды. Пирамиданың 100 шақырым радиусында 200-ден астам тарихи ескерткіш бар. Біз 2019-шы жылы ол жерде ашық аспан астындағы мұражай ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, - деді облыс әкімі. - Ал қыркүйекте жапондық Эхима университетінің зерттеушісі Ясуюки Мураками мырзаның қатысуымен халықаралық симпозиум өткіземіз деп ойластырудамыз". 

 Шетелдік ғалым екі жыл бұрын қарағандылық археологтармен бірге Кент тауларының Алат елді мекенінде жұмыс атқарған болатын. Мамандар балқыту пештерінің қалдықтарын зерттеген. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның ежелгі металлургиясының тарихы ресми датадан көп уақыт бұрын басталғанын меңзейді. 

Соңғы жаңалықтар