Қарағандыда археологтар қола дәуірде жерленген жауынгердің қабірін іздеп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы қарағандылық археологтар Тобылды қорымындағы жерлеу ескерткіштерін, қола дәуіріндегі күйме арбамен жүру мәдениетін зерттеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыстар Қарағанды облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының тапсырысы бойынша жүргізілуде.

Тобылды қорымы Шет ауданында, Талды ауылынан 9 шақырым және Қаражартас қорымынан 4 шақырым қашықтықта орналасқан. Зерттеулер алдыңғы қатарлы ғылыми қызметкер Игорь Кукушкиннің жетекшілігімен Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының қызметкерлерімен жүргізіліп жатыр.

Археологтардың мәлімдеуінше, жақын арада осыдан шамамен төрт жыл бұрын қола дәуірі кезінде жерленген күйме арбамен жүретін жауынгердің қабірі ашылады.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ақпаратына сай, Шет ауданындағы қабір ескерткіштерін зерттеу барысында жүген ауыздығымен бірге көмілген жылқы, найзаның тастан қашалған ұшы, садақ оғының тастан жасалған ұшы, найзаның қоладан жасалған ұшы, алтын жалатқан салпыншақ пен көптеген керамикалық ыдыс-аяқтардың қосарланып жерленгені анықталған.

Соңғы жаңалықтар