Қарағандыда антитеррорлық жаттығулар өтіп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық  терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы ЖЭО аумағында антитеррорлық жаттығулар өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдың 6 маусымы күні Қарағанды қаласының Октябрь ауданында, сондай-ақ, ЖЭО-1 аумағында терроризмнің алдын алу мен салдарын жою бойынша антитеррорлық жаттығулар жүргізіліп жатыр», - деп хабарлайды Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті.

Шараның мақсаты - Қарағанды облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының артылған міндеттерді орындауға дайындығы мен құралдарын тексеру.

Облыстық ІІД қала тұрғындары мен қонақтарын тыныштық сақтап, дүрлікпеуге шақырады.

Фото: crimea9.ru

Соңғы жаңалықтар