Қарағандыда алкоголь өнімін шығаратын жасырын цех табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда алкологоль өнімін шығаратын ірі жасырын цехтың жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

«Жасырын жұмыс жасап келген цехта ұзақ уақыт бойы алкоголь өнімдері қолдан дайыналып келген. Қылмыс орнынан 70 мыңнан астам шөлмек, ішімдік құятын әртүрлі пішіндегі 20 мың бос бөтелкелер, 9,5 млннан астам жалған есеп-бақылау маркалары, қораптарға салынған металл қақпақтар, алкоголь өнімдерінің атаулары жазылған белгілер, ірі көлемде алкоголь өнімдерін сақтауға қажетті ыдыстар тәркіленді.», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталмыш заңсыз әрекетке қатысы бар адамдарды және қолдан дайындалған алкоголь өнімдері мен есеп-бақылау маркалары шығарылған жерді анықтау мақсатында тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар