Қарағандыда алғаш рет поляк кино фестивалі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда алғаш рет «Висла» поляк кино фестивалі өтеді. Ұйымдастырушылар ірі халықаралық фестивальдерде қазылар алқасы жақсы баға берген және польша көрермендерінің жүрегін жаулаған 4 фильмді ұсынады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Фестиваль қарашаның 22-нен 25-не дейін жалғасады. Күн сайын қарағандылықтарға бір фильмнен көрсетіліп отырады. Бағдарламаға драма, анимация және тарихи кино секілді түрлі фильм жанрлары енгізілген.

Көрермендер режиссер Мацей Пешицаның «Желание жить» фильмін тамашалайды. Ондағы бас кейіпкер Матеуш балалар сал ауруына шалдыққан. Ол не сөйлей, не жүре алмайды. Дәрігерлер оны «үмітсіз» деп тапқан. Туған әпкесі оны «мақұлық» деп атаған. Алайда осының барлығына қарамастан, бала өмір қызықты сәттер мен жарқын әсерлерге толы екеніне кәміл сенеді. Картина бір дегенде төрт номинация бойынша «Орлы» атты поляк киносыйлығын алған: «Үздік ер адам рөлі», «Екінші пландағы үздік әйел рөлі», «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі», «Үздік сценарий» және көрермендер көзайымы сыйлығы.

Фестиваль бағдарламасына сондай-ақ Лукаш Пальковскийдің «Лучше всех» фильмі де кірді. Туынды поляк спортшысы Ежи Гурскийдің басынан кешкен шынайы оқиғаға негізделген. Есірткіге тәуелділікпен күресе отырып, ол өліммен күрес жүргізген. 1994 жылы Ежи Гурский триатлон бойынша әлем чемпионатында әлемдік рекорд орнатып, чемпионы атанды.

Көрермендер назарына сонымен қатар «Ван Гог. С любовью, Винсент» анимациялық фильмі ұсынылады. Оның барлық 65 000 кадры Ван Гог жұмыс істеген техника бойынша майлы бояулармен салынған. Ол кадрларды әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 125 суретші салған.

Фестивальдің ресми ашылуы 23 қарашада «Сарыжайлау» кинотеатрында өтеді. Салтанатты шарадан соң режиссер Ян Комастың «Город 44» фильмі көрсетіледі.

24 қарашада көрермендер «Желание жить» фильмін тамашалайды.

25 қарашада қарағандылықтарға «Ван Гог. В с любовью, Винсент» картинасы ұсынылады.

26 қараша күні «Самый лучший» фильмінің көрсетілімі болады.

Фильмдердің көрсетіліміне кіру тегін.

Соңғы жаңалықтар