Қарағандыда әлеуметтік желі арқылы әрекет еткен алаяқ ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда әлеуметтік желі арқылы адамдардың ақшасын иемденіп кеткен 30 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта Қарағанды облыстық Полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері алаяқтық фактісіне қатысты (ҚК 190-бабының 1-бөлігі) 4 қылмыстық істі қарап жатыр.

«Полиция қызметкерлері Шымкент қаласының 30 жасар тұрғынын анықтады, ол 2019 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін әлеуметтік желі (Instagram немесе «Olx») арқылы түрлі өнімдерді сатып алу үшін Whatsapp мессенджері бойынша хат алмасу кезінде жәбірленушілерден жеке куәлік пен банк картасының нөмірін сұратқан. Одан кейін олардың атына қаржы ұйымдарының бірінде онлайн-несие рәсімдеген», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Кейіннен несие ұйымының мақұлданған ақшасы жәбірленушілердің картасына түскен. Өз кезегінде алаяқ әйел ақша аударғанын айтып, аударылған несие сомасына тура келетін «Қазпошта» АҚ-ның жалған түбіртегін көрсетіп отырған.

Біраз уақыттан кейін әйел туған-туыстарының ауыр дерте шалдыққанын, кейде тіпті олардың қайтыс болды деп, мәміледен бас тартып, ақшаны картасына аударуды талап еткен.

Облыстық полиция департаменті осындай хабарлама түскен кезде өте сақ болуды және мүмкіндігінше жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласуды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар