Қарағандыда Алдаркөсеге ескерткіш орнатылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы мемлекеттік балабақша алдындағы алаңға ертегі кейіпкері Алдаркөсеге арналған ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Гүлдер» балабақшасының меңгерушісі Бақытгүл Абдрасилованың айтуынша, бұл кейіпкер халық даналығы мен тапқырлығының символы.

«Балалардың өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезінгені өте маңызды. Өзінің ақылды айлакерлігімен ол адамдарды сараң болмауға, рақымсыздарды мейірімді болуға үйретеді», - дейді балабақша директоры.

Саз балшықтан жасалған есек мінген Алдаркөсенің ескерткіші - қарағандылық мүсінші Бөскей Қыздарбековтың балаларға жасаған тартуы.

null

Соңғы жаңалықтар