Қарағандыда ақын-жыршылар байқауы өтті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда жыл сайынғы «Бұқарекең жырлайды» атты ақындар байқауы өтті. Ұйымдастырушылар – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Байқауға Қарағанды облысының әр өңірінен жас таланттар қатысты, олар жыраулар поэзиясы стилінде жазылған шығармасын оқып, жырау өлеңдерін орындау бойынша сайысқа түсті. Қазылар алқасы бағалау кезінде сахна мәдениетіне, сондай-ақ оқу және орындау стиліне, қатысушы жатқа білетін шығармалар санына назар аударды», – дейді ұйымдастырушылар.


Шығармашылық жарыстың қорытындысында «Бұқар жырау оқулары» номинациясы бойынша Маралжан Мәдинеш (Бұқар жырау ауданы), «Әлемді түгел көрсе де» номинациясы бойынша Милана Мених (Қарағанды), «Жыршы-жырау» номинациясы бойынша Ұланғасыр Кәмиев (Шет ауданы) және «Бұқар жырауша» басты номинациясы бойынша үздік суырып салма ақын Бекарыс Оспанов (Қарағанды) жеңіске жетті.

Байқау 14-ші рет өткізілді. Жыл өткен сайын оған қатысуға ниет білдірушілер саны артып келеді.


Соңғы жаңалықтар