Қарағандыда «ақылға қонымсыз» трюк жасаған жүргізуші ұсталды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жол жүру ережесін өрескел бұзған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Видео кадрларында жүргізуші терезе арқылы қозғалыс үстіндегі көліктің үстіне шығып кеткенін көруге болады. Жанында отырған жолаушы да соны жасамақ болады.

Полицейлердің айтуынша, жүргізуші «ақылға қонымсыз» трюк жасаған.

«Құқық бұзушының жеке басын анықтау мақсатында облыстың патрульдік полиция полкінің жеке құрамына бағдар берілді.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қаланың 20 жастағы жұмыссыз тұрғыны анықталды.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы 2-бөлігі және 606-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, 15 АЕК (1 АЕК – 3450 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Автокөлік айыптұраққа қойылды. Ал интернет пайдаланушыларды жаңылыстырған фото Photoshop арқылы жасалған. Полицей болуды армандаған жас жігіт нысаналы киімді киіп, әлеуметтік желілерге жүктеген», - делінген полиция хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар