Қарағандыда адам саудасымен айналысты деген Иордания азаматы елге әкелінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда адам саудасымен айналысты деп күдікке іліккен Иордания азаматы Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін Бас прокуратура қызметкерлері Қазақстан ІІМ Интерполымен ынтымақтастықта қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Грузиядан Иордания азаматы Амер Саламехты Қазақстанға экстрадициялады. Оны Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті адам саудасымен айналысты деген күдікпен іздеп жатқан болатын» делінген хабарламада.

Іс материалдарына қарағанда, Саламех 2016 жылы Қарағандыда Қазақстан Республикасынан тыс жерде есірткі саудасына салу үшін қыздарды алдап-арбады деп күдікке іліккен.

«Қылмыстан кейін күдікті қылмыстық іздестіру органдарынан жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды», - дейді Бас прокуратура өкілдері.

Қазіргі кезде Саламех Астана қаласындағы тергеу изоляторында.

Соңғы жаңалықтар