Қарағандыда адам өлтірген күдікті ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері адам өліміне қатысы бар күдіктіні «ізін суытпай» қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 сәуір күні таңертеңгілік уақытта Қарағанды қалалық Полиция басқармасына Западный көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінің ауласында пышақ жарақаттары бар адамның мәйіті жатқандығы туралы хабарлама түскен. Қайтыс болған азамат 33 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды.

«Оқиға орнында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 42-жастағы азаматты қолға түсірген, ол полицияға қарсылық көрсеткен. Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін берді», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99 бабы 1 тармағы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар