Қарағандыда адам қаққан жүргізуші полицейден жасырынбақ болған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Кеше Қарағанды қаласында 18 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауа-райының күрт өзгеруі, жүргізушілердің жылдамдықты сақтамауы, сондай-ақ автокөліктердің қысқа дайын болмауы, яғни қысқы дөңгелекті ауыстырмауына байланысты Қарағанды облысында жол апаты деректері жиілеп кеткен.

Көлік апаты салдарынан екі адам жарақат алып, бір адам оқиға орынында көз жұмды.

26 қазанда кешкілік Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне «Сұрыптау ауылы-Теміртау» тас жолында «ЖБИ» аялдамасының маңында екі адамды көлік қағып кетті» деген ақпарат түсті. Аталған оқиға орынына сол жерге жақын маңдағы Қарағанды облыстық Полиция департаментінің патрульдік полиция жіберілді.

«Оқиға орынына келген полиция қызметкерлері белгісіз көлік иесі екі жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткенін анықтады. Жол көлік оқиғасының салдарынан 46 жастағы азамат алған дене жарақаты салдарынан сол жерде көз жұмса, 43 жастағы жәбірленуші әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

«Патрульдік полиция іздестіру барысында көлігінде жол-көлік оқиғасының белгілері бар 34 жастағы азаматтың басқаруындағы «Ауди» автокөлігі ұсталды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерге жолда абай болуын, балалар оқитын мектептер мен аялдама маңында, жаяу жүргіншілер өтетін жерлерде жылдамдықты шектен тыс асырмай жол жүру ережесін қатаң сақтауды ескертеді.


Соңғы жаңалықтар