Қарағандыда Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған дебат турнирі өтті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда ұлы ақын-ағартушы Абайдың 175 жылдығына және көрнекті философ Әбу Насыр әл- Фарабидің 1150 жылдығына арналған пікірсайыс турнирінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық тілдер басқармасы ұйымдастырды. Барлық ЖОО-нан студенттер-дебатерлер жарысты.

Турнир онлайн-форматта өтті. Ғалымдар мен сарапшылар төрелік етті. Олар қатысушылардың шешендік шеберлігін, білім деңгейін және логикасын бағалады.

Бірінші орын мен Үздік команда атағына Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің спикерлері ие болды. Екінші орынды Қарағанды индустриалды университеті еншілесе, үшінші орын Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің командасына бұйырды.

Қарағанды техникалық университетінің «Самұрық» клубынан Амантай Ернияз пікірталастың үздік спикері болып танылды.

Жеңімпаздар дипломдармен, атаулы кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар