Қарағандыда Абай ескерткіші ашылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда ұлы ақын Абайға ескерткіш ашылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл еліміз ұлы Абайдың 175 жылдығын атап өтуде. Халқымыздың біртуар перзентінің шығармашылығы арқылы біз гуманизмді, адалдық пен еңбекқорлықты бойымызға сіңіріп келеміз. Ал оның қара сөздері арқылы рухани құндылықтарымызды қалыптастырудамыз.

Абайдың шығармашылық мұрасына арналып ұйымдастырылған жүздеген іс-шара ұлы тұлғаның дарынын жаңа қырынан танытып келеді,-деп жазды әкім.

Оның сөзінше, облыс орталығының ең жайлы және көрікті көшелерінің біріне Абай есімі берілген.


«Бүгін Абай қаласында ұлтымыздың ұлы ұстазына арнап ескерткіш ашылды. Аталған шараға қоғам және мемлекет қайраткері Сауытбек Әбдірахманұлы, абайтанушы ғалым Ғарифолла Есім, айтыскер ақын Аманжол Дүйсенбайұлы, «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институтының директоры Ерлан Ерназарұлы арнайы келді.
Жобаның авторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Бейбіт Мұстафин»,-деп жазды Жеңіс Қасымбек.


Оның сөзінше, аталған мәдени нысанның ашылу салтанатына орай аудандық мәдениет үйінің алаңы мен қасбетін қайта құру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ескерткіштің ашылу салтанатына орайластырылып жергілікті ақындардың «Абай жаққан бір сәуле...» атты шығармалар жинағы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының әлемнің 18 тіліндегі дисктік жинағы шығарылды. Кітаптарды цифрлау Шахтинск қаласының орталық кітапханасымен бірлесіп жүргізілді.
«Облысымыздың барлық тұрғындарын осынау мәдени нысанның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын»,-дейді облыс әкімі.


Соңғы жаңалықтар