Қарағандыда 900 мыңға жуық гүл отырғызылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында гүл отырғызу жұмыстары басталды. Алдағы жазда Қарағанды нағыз гүл алқабына айналмақ. Қаланың әртүрлі бөліктерінде шырайгүлдер, барқытгүлдер, цинерариялар жайқалып тұратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өткен жылы біз алғаш рет сатылай көгалдандыру технологиясын пайдаландық, яғни таяныштарды аспалы шырайгүлдер егілген құмыралармен безендірдік, сәндік маталл ағаштарды орнаттық», - деп бөлісті Қарағанды саябақтары басқармасының бас инженері Талғат Смайылов.

Қаланы көгалдандыру тұжырымдамасына сәйкес, қаланың көлік көп жүретін бөліктері өзгеріске ұшырамақ.

«Осы жылы да дәл солай болмақ. Республика даңғылы мен Магниготорская көшесінің бөлу жолақтарында 83 бессабақты гүл аркалары салынады. Сондай-ақ, Майқұдық, Пришахтинск және Оңтүстік-Шығыстағы таяныштарға күл құмыраларын қою жоспарда бар. Биыл қосымша 6800 құмыра сатып алынды. Жол бойындағы бағаналарды гүл құмыраларымен сәндеу де сатылай көгалдандырудың жаңашылдықтарының бірі болмақ.

Сонымен қатар, қаланың белгіленген жерлерінде топиарлық мүсіндер пайда болады, жалпы 24 сәндік мүсін сатып алынған. Алдағы уақытта кәсіпорынның таза пайдасы есебінен тағы да қосымша сатып алу жоспарлануда.

«Біз сатып алған Canada green көгал шөбі механикалық әсерге төтеп бере алатын және суыққа төзімділік сияқты пайдалы қасиеті бар тұқымдар жиынтығынан тұрады. Гүлдерді еккеннен кейін ол үш жыл бойы пайда беретін болады», - деді Талғат Смайылов.

Ерекше гүл композициясы Орталық саябақта жас жұбайлар құлып ілетін көпірдің жанында пайда болды. Бұл жер әлдеқашан ғашықтар бұрышы аталып кеткен. Мұнда болашақта жабайы жүзімге оранатын үш арка, алты орындық, екі ақ аттың мүсіні тұрғызылған. Гүлзарлар мен құмыраларда гүлдер отырғызылды. 

Соңғы жаңалықтар