Қарағандыда 86 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 86 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады. 30 мамыр күні қала әкімі Нұрлан Әубәкіров оларға пәтер кілтін табыс етті.

Бұл пәтерлер Қарағандының оңтүстік-шығысында Байкен Әшімов атындағы жаңа шағынауданда салынған үйлерде орналасқан. Болашақта мұнда қаланың әкімшілік-іскерлік және мәдени орталығы орналасады. Жаңа шағынауданда әлеуметтік және спорт нысандары, гүлзарлар, концерт залы, балалар мен жасөспірімдер сарайы және басқа да көптеген нысандардың құрылысы жоспарланған.null

«Қазір облыс орталығында 1500-ден астам көпбалалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуда. 500-ге жуығы жол жүру жеңілдігімен қамтамасыз етілген. Көпбалалы ата-аналарға балабақшада 50% жеңілдік қарастырылған. Сонымен қатар, олардың балалары спорттық секциялар мен үйірмелерге тегін бара алады. Ал жазда «Салют» лагерінде демалуға мүмкіндік жасалған», - деп атап өтті Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша көпбалалы отбасыларға кешенді қолдау көрсетілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырда 10 көп балалы отбасы пәтер кілтіне ие болған еді. Қарағандыда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға 494 отбасы кезекте тұр.

null null

Соңғы жаңалықтар