Қарағандыда 8 жасар қызды көршісі өрттен аман алып қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 8 жасар қызды көрші тұратын азамат өрттен аман алып қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«12 наурыз күні сағат 17.07 кезінде кезекші бөлімге Петровский көшесінің бойындағы үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше көрші азамат 2011 жылы туған қыз баланы өрттен аман алып қалған», - делінген департамент мәлімдемесінде.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнынан 1974 жылы туған ер адамның өрт шалған мәйітін тапты. Өрт 18 сағат 01 минутта сөндіріліп болды. Өрт аумағы 70 шаршы метрді қамтыды. Алдын ала жасалған болжам бойынша, өрттің шығу себебі - қатты отынды жағу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы.

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті баланы өрттен құтқарып қалған көршісі Сайран Иргибаевты марапаттау туралы өтініш жолдауды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар