Қарағандыда 76 млн теңгенің синтетикалық есірткісін әзірлеген адам ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағандыда ірі көлемде есірткі сататын адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «жылдамдық» деген атпен танымал синтетикалық есірткі өндірісін Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар жақын шетелден келген азамат жасағаны анықталды. Ол өндіріске қажетті барлық материалдарды сатып алып, синтетикалық есірткі жасай бастаған. Бұл азамат ұсталды, одан 750 грамм дайын есірткі өнімдері тәркіленді. Ол есірткіні ірі көлемде сатпақ болған», - дейді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқарма басшысы Бақытжан Әмірханов.

Оның айтуынша, азаматтың тұрғылықты жерін тінту кезінде химиялық өнімдердің астынан канистрдегі 7 литр сұйық, сондай-ақ есірткі өндірісіне қажетті барлық құрылғылар тәркіленді.

«Мұның бәрі оның қылмыс істейтін ниеті бар екенін дәлелдеді. Ол Алматыда тұрған, одан кейін Қарағандыға арнайы көшіп келіп, жер үй жалдап, синтетикалық есірткі жасау туралы ойын жүзеге асырған. Қазіргі уақытта осы жағдайға қатысты жедел-тергеу шарасы жүргізілуде. Ұсталған адамның өзі кінәсін мойындап отыр», - дейді ол. отметил спикер.

Бақытжан Әмірханов тәркіленген есірткінің құны шамамен қанша болатынын айтты.

«Жылдамдық» деп аталып кеткен есірткінің орташа бағасын негізге алсақ (15 мың теңге) тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны шамамен 76 миллион теңге тұрады. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 5-6 келі болды. Жер үйді немесе пәтерді жалға берген кезде жалдап алушы күдік тудыратын-тудырмайтынына мән беріп қарау керек. Егер күдік тудырған жағдайда бірден полицияға хабарлау керек», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар