Қарағандыда 7 жүк көлігі өртеніп кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Қарағандыдағы жүк көліктері тұратын бокста өрт шығып, салдарынан тілсіз жау 2000 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 ақпанда сағат 17: 04-те Қарағанды қаласының Октябрь ауданында өрт пайда болғаны туралы хабар келіп түсті. Байжанов шахтасының маңында жүк көліктеріне арналған бір қабатты бокс жанған. Ғимараттың шатыры мен ішіндегі 7 жүк көлігі жанып, 2000 шаршы метр аумақта төбенің құлауы орын алды.
«19 сағат 04 минутта өрт сөндірушілер өртті толықтай жойды. Тілсіз жаумен күреске Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 65 адам мен 17 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің алдын ала себебі – пеш жабдығының ақаулығы», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
- Қызылордада 30 жастағы жігіт былтырдан бері табылмай жатыр
- Павлодарда өзен жағасынан граната табылды
- Бірнеше рет атылған оқ даусы жұрттың зәресін ұшырды –Павлодар
- Сомалидегі жарылыс: 17 адам қаза тапты
-
Бурабай ауданында жедел жәрдем көлігінің терезесі сынды: полиция іс қозғады
-
Елек өзеніне батып кеткен адам құтқарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам