Қарағандыда 7 жасар бала мен анасын көлік қағып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «Нива-Шевроле» жүргізуші анасы мен қызын қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің ақпаратынша, 12 қараша күні Бұқар жырау ауданындағы Қарағанды-Тоғызқұдық тасжолында «Нива-Шевроле» көлігінің 42 жастағы жүргізушісі 36 жастағы әйел мен оның 7 жасар баласын қағып кетті.

Салдарынан әйел оқиға орнында қаза болды. Қыз бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Ведомстводан мәлім еткендей, факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуы). 

 

Соңғы жаңалықтар