Қарағандыда 50 киікті атып өлтіргендер іздестіріліп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Нұра ауданында мүйіздері аралап алынған 50 киіктің өлексесі табылған. Жануарлар Қорғалжын қорығының аумағында табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

50 киіктің өлексесін тауып алғаны туралы хабарламаны қорықтың директоры бірінші болып тиісті органдарға жеткізген. Айта кету керек, Қорғалжын қорығы Ақмола және Қарағанды облыстарының аумағында орналасқан. Құқық қорғау органдарының өкілдері қорықты тексеру барысында жануарлардың өлі денелері қорықтың Қарағанды облысы жағындағы аумағынан табылғанын мәлімдеді. Тергеу кезінде сайғақтардың барлығын қарумен атып өлтіргені анықталған.

Нұра ауданының аумағында киіктердің өлексесін табу дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабы 4-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Аталған қылмысты ашуға байланысты облыстық Полиция департаменті басшылығы Ақмола облысы Қорғалжын полиция бөлімімен бірлесіп кинолог, табиғатты қорғау полиция бөлімі, жедел уәкілдер және учаскелік полиция инспекторларынан 2 арнайы топ құрды. Топтың қызметкерлері қылмыстың алдын алу, ашу және күдіктілерді ұстау бойынша кешенді жұмыстар атқаруда.

Облыстық Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабы 4-тармағы бойынша құқық бұзушылар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар