+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қарағандыда 4 жасар қыздың басы балконның темір торына қыстырылып қалды

2018 жылғы 21 мамыр 15:15
Бөлісіңіз:
Қарағандыда 4 жасар қыздың басы балконның темір торына қыстырылып қалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 4 жасар қыз балкондағы темір тордың арасына басын тығып, шығара алмай қалған. Ол құтқарушылар келгенге дейін бірнеше сағат бойы басы қысылған күйі тұрған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құтқару қызметіне жексенбі күні, таңғы сағат 9-да хабар түсті. Жолдан өтіп бара жатқан адамдар қатты жылап жатқан қызды байқаған. Қыз басын балконның ойығынан шығарып, тұрып қалған. Құтқарушылар келгенде оның анасы үйінде болған, бірақ бүлдіршіннің қысылып қалғанын естімеген. Жетінші, сегізінші қабаттағы көршілер үйде болмаған. Құтқарушылар жеті минуттың ішінде көрші подъездің балконы арқылы қызға барған», - деді жеке құтқару қызметінің өкілі Андрей Фридовский.

Құтқарушылар қыз қысылып қалған балконның металл торын домкрат арқылы бұзған.

«Бүлдіршін қыз қыстырылып қалған басын өзі шығармақшы болған, бірақ шығара алмаған. Ол құлағы қанағанша басын тартқан», - деді құтқару қызметінен.

Белгілі болғандай, пәтерде қыз анасымен бірге болған. Әйел қызының балконға шығып кеткенін байқамаған. Қыздың анасы кілті болмағандықтан, құтқарушыларға есікті аша алмады. Осы уақытта көршілер жеке құтқару қызметіне де хабарласқан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT