Қарағандыда 4 жасар бала терезеден құлап, қаза тапты

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қарағанды облысында балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлауы жиілеп кетті, деп хабарлайды өңірдегі ТЖД баспасөз қызметі.

29 мамыр күні Қарағанды қаласында төрт жасар бала 6-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлаған. Ол ауыр жарақат салдарынан медициналық мекемеде көз жұмды.

Ал одан бір күн бұрын Теміртау қаласында 2013 жылы туған бала да алтыншы қабаттағы пәтер терезесіндегі  торға жармасқан бүлдіршін де құлап кеткен. Бала ауруханаға жеткізілді, қазіргі жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Терезеден құлау - балалардың ауыр жарақат алу немесе қаза табуының әсіресе қалалық жерлердегі ең басты себептерінің бірі, дейді облыстық ТЖД қызметкерлері. Былтырғы жылы балаларға қатысты осындай 15 оқиға тіркелген. Терезеден құлау салдарынан екі бүлдіршін қаза тауып, 13-і ауруханаға жеткізілді.

 Қарағанды облыстық ТЖ департаменті ата-аналардың балаларды қараусыз қалдырмай, жіті қадағалауын ескертеді. 

Соңғы жаңалықтар