Қарағандыда 28 жастағы такси жүргізуші әйелді өлтіріп кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды маңындағы Ақтаста такси қызметінде жұмыс істейтін әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28 жастағы Юлия соңғы тапсырысын такси қызметінің диспетчерінен алған.

«Кеше, 27 қазан күні біздің такси қызметінің кеңсесіне бірнеше жігіт келді. Біреуі диспетчерлікке келіп, қалғандары далада күтіп тұрды. Шахитнск қаласына жеткізетін көлік сұрады. Тапсырысты орындау кезегі Юлия Стонкусқа тиесілі болатын. Ол жігіттерді «Мерседеске» отырғызып жүріп кетті. Одан кейін біз оны көрмедік. Байланысқа шықпады. Ұялы телефоны байланыстантан тыс болды», - деді диспетчер.
null 

27 қазан күні такси жүргізушісі тапсырыстан оралмады.  Бүгін 28 қазан, басынан жарақат алған оның денесі Қарағанды шетіндегі Федоровка саяжайының маңынан табылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, әйелдің басынан қатты затпен ұрған.

«Іс ҚК-тің 99-бабында көзделген «Адам өлтіру» бойынша тергеліп жатыр. Қылмысты ашу бойынша жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облыстық прокуратурасы.

Көз жұмған әйелдің артында екі жасар ұлы қалды. 

Соңғы жаңалықтар