Қарағандыда 24 жыл бойы көше тазалап келген әйелге қайырымды жандар үй сыйлады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «Харекет» қайырымдылық қоры 24 жыл бойы көше тазалаушы болып жұмыс істеген 58 жастағы қарағандылық Сара Әмілжановаға екі бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы қор баласын жалғыз тәрбиелеп, ауыр жұмыспен айналысатын анаға пәтер беруді ұйғарды.

Сара Әмілжанова – Қарқаралы ауданы Восток ауылының тумасы. 1998 жылы әйел ұлымен бірге Қарағандыға көшіп келіп, «Тазалық Эксперт» ЖШС-не орналасты.

Жалғызбасты ана қиын жұмыстан қорықпады, оның жұмысы - көшелер мен жолдарды тазарту.

Жазда ол көшелерді қоқыстан, қыста – қар мен мұздан тазартады.

Осы жылдар аралығында ол адал еңбегімен көзге түсіп, басшылық тарапынан бірде бір рет шағым алмаған.

«Біз көшіп келген кезде ұлым алтыншы сыныпта оқыды. Екеуіміз Майқұдықта, Шахтинск қаласында үй жалдап тұрдық. Соңғы 10 жылдан бері Шахтинск қаласында тұрып келеміз. Ұлым үйленді, оның үш баласы бар. Бәріміз бірге тұрамыз. Осы жылдар ішінде менің жалғыз арманым баспана болғанын қаладым. Бірақ маған баспана сыйлайды деген үш ұйықтасам түсіме кірген емес. «Харекет» қорына, қазақстандықтарға және басшылығыма рахмет айтамын», – дейді Сара Әмілжанова.

Сара Әмілжановаға Майқұдықтың 14-ші шағын ауданында екі бөлмелі пәтер берілді.

Жұмыс беруші де қоныс иелерін назардан тыс қалдырмады. Компания отбасына теледидар мен басқа да тұрмыстық техника сыйлады.

«Харекет» қайырымдылық қоры 2017 жылдың қазан айында Алматы қаласында құрылды. Осы жылдар ішінде ол 565 отбасына баспана сыйлады.


Соңғы жаңалықтар