Қарағандыда «220 Пушкин серуендейді»

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірнеше қалаларында 6 маусымда орыс ақыны Александр Пушкиннің 220 жылдығына арналған акция өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«220 Пушкин Қазақстанда серуендейді» флешмобының бастамашысы Нұр- Сұлтан қаласындағы Ресейлік ғылым және мәдениет орталығы болды. Акцияны басқа өңірлер де қолдады, оның ішінде Қарағанды облысы да бар.

«Пушкиннің рөлін студенттер мен оқушылар сомдайды. Еріктілер арнайы бетперде киетін болады. Олар көшедегі өтіп бара жатқан адамдарға ақынның шығармалары мен өмірбаяны туралы сұрақтар қояды. Ол сауалдарға дұрыс жауап бергендерге ұйымдастырушылар Александр Пушкиннің суреті бейнеленген төс белгісін сыйлайды», - деді акицияның Қарағандыдағы үйлестірушісі Степан Вадюнин.

Оның айтуынша, флешмоб облыстың үш қаласында өтеді: Қарағанды қаласында Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы А. Пушкин ескерткішінің жанында, Орталық мәдениет және демалыс саябағында, "Таир" және "Ситимолл" сауда орталықтарында; Теміртауда Бейбітшілік даңғылында; Саран қаласында Ленин даңғылында.

Барлық жерлерде флешмоб бір уақытта өтеді. Басталуы: 16.00.

Акцияға барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Ол үшін Пушкин бейнесін суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде #pushkin220kz хештегі бар сурет салу керек.

Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, акцияға Алматы, Степногорск және Көкшетау қалалары қатысады.

А. С. Пушкин (1979-1837) орыс ақыны, драматург және прозашы. Орыс реалистік бағытының негізін қалаған, әдебиеттің сыншысы және теоретигі, тарихшы, публицист; ХІХ ғасырдың ортасындағы ең беделді әдеби қайраткерлердің бірі.

Соңғы жаңалықтар