Қарағандыда 210 көпқабатты үйлерді жылусыз қалдырған апат жойылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда кеше, 8 ақпанда қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі жылу магистралінде болған апат жойылды, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты «Теплотранзит Караганда» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осы себепті 210 көпқабатты үйлер төмен режімге ауыстырылған.

 Компанияның ақпаратынша, «5А» магистральді сорғыш станциясында электр энергиясының қысқа мерзімге ажыратылуының салдарынан М5 және М10 магистральді желілердегі су құбырларында қысымның күрт ауысуы болған. Гидросоққы жер асты арқылы өтетін 1020 мм диаметрлі М5 жылу магистраліне («Строймарт» дүкенінің аумағы) және 720 мм диаметрлі М10 жылу магистраліне (Мұқанов және Тәттімбет көшелерінің қиылысындағы) келетін құбырларда ақау пайда болған. 

 «Жедел түрде жөндеу жұмыстары жасалды. Төмендетілген режімге 30-шы ықшамаудан, Степной -1, 2, 3, 4, Шапағат, КТК ықшамаудандарының 146 көпқабатты үйлері және Гүлдер 1,2 және Кеңдала шағынаудандарындағы 64 көпқабатты үй мен 39 жер үй көшірілді. 
Апаттың салдарын жоюға құрамы 23 адамнан және 15  техникадан құралған 4 бригада жұмылдырылды. Қазіргі таңда ақаулар жойылды. Температуралық және гидравликалық режімдер қайта қалпына келтірілді. 

Тұтынушыларға жылу энергиясын пайдалану ережелеріне сай қайта есептеулер жасалады.

Айта кеткен жөн, төмендетілген режім - ол жылу пайдалану жүйелерінің және жылу жүйелерінің мұздап қалмауы мақсатында төмендетілген температура көрсеткіштері бар жылу ұстау құрылғыларында циркуляцияның болуы. 

Соңғы жаңалықтар