Қарағандыда 2 жасөспірімді көлік қағып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында 2 жасөспірімді көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол көлік оқиғасы 15 ақпан сағат 14.00 шамасында болған. «Лада приора» көлігінің жүргізушісі реттелетін жаяу жүргіншілер жолында 13 және 14 жастағы екі жасөспірімді қағып кеткен. Оқиғадан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

«Жасөспірімдер Оңтүстік-Шығыста орналасқан Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілді. 2006 жылы туған жасөспірімнің сынық жарақаттары бар. Ал екінші бала дәрігерлердің қарауынан соң үйіне жіберілді», - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар