Қарағандыда 19 мыңнан астам дәрі-дәрмек медсақтандыру аясында тегін берілген

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Қарағанды облысында сирек кездесетін аурулармен ауыратын науқастарға медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен тегін дәрі-дәрмекке 19 мыңнан астам рецепт жазылды.

Қор дәрі-дәрмектің құнын төлеуге 1,5 миллиард теңге бөлді.

Осы қаражаттан 225 млн теңге шашыраңқы склерозы бар 147 пациентке дәрі-дәрмек төлеуге, 435,7 млн теңге бұлшықет дистрофиясы бар екі пациентке арналған препараттарға жұмсалды.

«Тегін дәрі-дәрмек, сондай-ақ медициналық қызметтер қазақстандықтарға медициналық көмек көрсетудің екі пакеті – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және медициналық сақтандыру шеңберінде қолжетімді. Егер бірінші пакетте мәртебесіне қарамастан (сақтандырылған немесе сақтандырылмаған) онкологиялық аурулармен, қант диабетімен, туберкулезбен және басқа да түрлерімен ауыратын пациенттерді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету салынған болса, медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде тегін медициналық препараттарды сирек кездесетін аурулары бар сақтандырылған азаматтар ғана алады. Өткен жылдан бастап бұл тізімге дюшеннің бұлшықет дистрофиясы, бас сүйек нервтерінің зақымдануы, Альцгеймер ауруы, аллергиялық ринит, глаукома, эндометриоз және басқа сырқаттар кірді», – деп атап өтті медициналық сақтандыру қоры Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Пациенттер үшін қажетті препараттар мен медициналық бұйымдарды тіркелген жері бойынша медициналық ұйымдар сатып алады, оларды медициналық сақтандыру қоры төлейді.

ТМККК және медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде 141 ауру бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көзделген.


Соңғы жаңалықтар