Қарағандыда 11 елдің ғалымдары бас қосады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 14 және 15 маусымда Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Ғылым, білім және өндірістің интеграциясы - Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында ғалымдар геология, металлургия және машина жасау саласының даму әлеуетін талқылайды

Конференця кезінде Қазақстан, Ұлыбритания, Германия, Франция, Ресей, Украина, Мажарстан, Болгария, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан ғалымдары баяндама жасайды.

Ел арасында бұл конференция «Сағынов оқулары» деген атаумен де таныс, онда білім беру, энергетика, геология, логистика, машина жасау, химия-билогия және басқа да ғылымдарды дамыту мәселелері талқыланады.

Іс-шара аясында 13 отырыс өтеді, онда Ұлыбритания, Мажарстан, Ресей, Украина және Қазақстан институттарының өкілдері қатысады.

Секциялық отырыстарға Қазақстанның, шетелдердің 104 ғылыми және өндірістік ұйымдарынан барлығы 665 баяндама келіп түсті. Онда Smart және IT технологияларға ерекше назар аударылған.

Конференцияға қонақ ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері, облыс әкімшілігінің, сондай-ақ ҚарМТУ базасында «Корпоративтік университет» инновациялық-білім беру консорциумының жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары шақырылды.

Соңғы жаңалықтар