+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қарағандыда 10 көшенің атауы өзгеруі мүмкін - Қоғамдық тыңдау

2020 жылғы 13 қаңтар 23:56
Бөлісіңіз:
Қарағандыда 10 көшенің атауы өзгеруі мүмкін - Қоғамдық тыңдау

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыдағы «Достық үйінде» облыс орталығындағы көшелердің атауларын өзгертуге байланысты қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда көшелерге Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Әлихан Бөкейханның аттары беріледі

Жиында Қарағанды қаласындағы Ленин, Приканальная, Кривогуза, Защитная, Зональная, Олимпийская, Волочаевская, Кувская, Аманжолов сынды 10 көшенің атауын өзгерту мәселесі талқыланды.

Қоғамдық тыңдауға жиылған қарағандылықтар өзгерістерді толығымен қолдап, Ленин көшесінің – Абай, Приканальная көшесінің– Сарыарқа, Кривогуза көшесінің – Қасым Аманжолов, Защитная көшесінің – Григорий Потанин, Зональная көшесінің – Александр Затаевич, Олимпийская көшесінің – Нарманбет Төлепов, Волочаевская көшесінің – Камали Дүйсембеков, Кувская көшесінің – Қазыбек Нұржанов және Аманжолов көшесінің Балқантау көшесі болып ауыстырылуына бірауыздан дауыс берді.

Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтановтың айтуынша, жиын хаттамасы қалалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралып, арнайы шешім қабылдануы тиіс. Одан әрі ол шешім Қарағанды облыстық мәслихатының сессиясы мен облыстық ономастика комиссиясында бекітіледі. Бекітілген шешім республикалық комиссияның қарауына жіберіліп, ол жақтан келісім келген жағдайда, қорытынды құжат БАҚ-тарда жарияланады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT