Қарағандыда 1 маусымда оркестрлер шеруі өтеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балаларды қорғау күніне орай Қарағандыда дәстүрлі оркестрлер шеруі өтеді. Сондай-ақ, мереке құрметіне облыс орталығында балалар даму орталықтарының фестивалі мен «Қауіпсіз жаз-2019» акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1-ші маусымда өтетін жыл сайынғы оркестрлер шеруіне музыкалық, жалпы білім беретін мектептердің, шығармашылық орталықтар мен бірлестіктердің 2000-нан астам тәрбиеленушісі қатысады. Шара барысында қазақ және орыс халық аспаптар, ішекті және үрмелі аспаптар ансамбльдері, №58 ОМ кадеттер-барабаншылары ортақ бір әуенді орындап, сап түзеп шығады. Оркестрді «Волшебная страна» және «Искорка» шығармашылық ұжымдары бимен сүйемелдейді. Шерудің дәл бағыты кейінірек жарияланатын болады.

Балаларды қорғау күні қаладағы бес алаңда: Достық Үйінің жанында, Орталық мәдениет және демалыс саябағында, Жаңа Майқұдық МҮ, Теміржолшылар мен "Молодежный" мәдениет үйлерінде балалар даму орталықтарының фестивалі өтеді. Оған 40-тан астам мектепке дейінгі ұйымдар мен спорттық клубтар қатысады. Іс-шара қонақтарына жаз мезгілінде балалардың бос уақытын қалай және қайда ұйымдастыруға болатыны, Қарағандыда қандай үйірмелер мен секциялар жұмыс істейтіні және баланы қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жіберуге болатыны туралы айтып беріледі.

Фестивальге ТЖ қызметкерлері де қатысады. Олар «Қауіпсіз жаз-2019» акциясын бастайды. Мамандар ата-аналар мен педагогтарға су қоймаларында, орманда және қалада балалар демалысын қалайша қауіпсіз ету керектігі туралы баяндайды. Іс-шараның басталуы сағат 10:00-де.

Соңғы жаңалықтар