+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Қарағанды жылу электр орталықтарында шығарындыларды азайту жұмысы күшейеді

2021 жылғы 21 қаңтар 16:02
Бөлісіңіз:
Қарағанды жылу электр орталықтарында шығарындыларды азайту жұмысы күшейеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды жылу электр орталықтарында шығарындыларды азайту жұмысы күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда мәслихат депутаттары ағаш отырғызды Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы заң қабылданады Алматыда тау бөктерінде 35 см қар түсті

«Караганда Энергоцентр» ЖШС-Қарағанды облысы үшін жылу және электр энергиясының негізгі өндірушісі саналатын «Караганда Энергоцентр» ЖШС 2020 жылы қоршаған ортаға 39 мың тонна лас шығарындылар шығарған. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі өңірге жұмыс сапары барысында кәсіпорынның ауаны ластауды азайтуға бағытталған шараларымен танысты.

Атап өтейік, Қарағанды ЖЭО-1 және ЖЭО-3 жыл сайын 3 миллион тоннадан астам көмір жағады. Жылу электр орталықтары атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту мақсатында 2013-2016 жылдар кезеңінде күлтұтқыш қондырғыларын қайта жаңартқан. Бұл энергия өндірісінің ұлғаюымен атмосфераға шығарындылардың шоғырлануын 76% - ға азайтуға мүмкіндік берді. 2013-2014 жж. кезеңінде Қарағанды ЖЭО-3-те атмосфераға ластаушы заттар шоғырлануының шығарындыларына мониторинг жүргізу үшін нақты уақыт режимінде бақылауға болатын стационарлық газоаналитикалық кешен орнатылды.

Дегенмен ауаға шығарындыларды одан әрі азайта түсу үшін энергоорталық техникалық мүмкіндікті қарастыруы тиіс. Сонымен бірге жаңа күл қазандығы (золоотвал) салынуы керек.

Мағзұм Мырзағалиев жылу электр орталығы шығарындыларды азайту мақсатындағы шараларды үздіксіз жалғастыруды тапырды.

Еске сала кетсек, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қарағанды облысына іссапармен барып, Экологиялық кодексті түсіндіру жөніндегі кеңес өткізген болатын.

«Кодекстің маңыздылығы оның адам өмірі мен денсаулығы, қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету, ірі және шағын бизнестің қызметін, олардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмысын реттеу сияқты қоғамның барлық мүдделерін әсер ететіндігінде», - деген болатын Мағзұм Мырзағалиев жергілікті жұртшылықпен кездесуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT