Қарағанды жылу электр орталығында 6 қазандықтың төртеуі жұмыс істеп тұр

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы Қарағанды жылу электр орталықтарына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Комитет басшылығы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2 және «Қарағанды-Энергоцентр» АҚ ЖЭО-3 болды.

ЖЭО-2 қазандық пен турбиналық цехтардың негізгі жабдықтары тексерілді.

Қазіргі уақытта 6 қазандықтың 4-і жұмыс істейді. № 2 қазандық 2023 жылдың 10 қаңтарына дейін жөнделіп жатыр.

Қосалқы жабдықтағы ақауларды жою үшін № 3 қазандық тоқтатылды.

Тұрақты жылумен қамтамасыз ету мәселесі Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Теміртау қаласының әкімі Ораз Таурбековтің қатысуымен өткен кеңесте қаралды.

№ 2 қазандықты күрделі жөндеуді аяқтауды жеделдету және газ тазарту жабдықтары бойынша жөндеу жүргізу қажеттігі атап өтілді.

ЖЭО-3 барған кезде «Қарағанды-Энергоцентр» ЖШС күрделі жөндеуден кейін № 5 турбина бойынша іске қосу операцияларының барысымен, сондай-ақ көмір жинау мәселесімен танысты.

Комитет «ҚТЖ «ҰК» АҚ және «Богатырь-Көмір» ЖШС-мен бірлесіп қорды ұлғайту мақсатында көмір маршруттарын тасымалдауды үйлестіру бойынша күнделікті жұмыс жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар