Қарағанды жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлеріне «Алғыс пакеттері» табыс етілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Нұротандықтар» Қарағанды облысының ауруханаларына азық-түлік жеткізді. Ал партияның жастар қанаты – «Jas Otan» жастары күндіз-түні қорғаныс кимдерін киіп, жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне «Алғыс пакеттерін» табыс етті. Осылайша Nur Otan партиясы Birgemiz акциясын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Nur Otan партиясының Сәтбаев қалалық филиалы мен «СПТВС» ЖШС және партия ардагері Қорғанбай Құлшариевпен бірлесіп, туберкулезге қарсы диспансерге, Орталық қалалық ауруханаға және Сәтбаевтың медициналық-санитарлық бөліміне 200 литр қымыз, 50 килограмм ет жеткізді.

Партияның Нұра аудандық филиалы «Жер» фермерлік қожалығымен бірге 100 литр қымыз жинап, Нұра ауданының орталық ауруханасына жеткізді.


Ұлытау ауданының тұрғыны, шаруа қожалығының иесі Дәурен Байболов өз ауданының орталық ауруханасына 200 килограмнан астам ет, 30 литр қымыз, 100 килограмнан астам көкөніс және басқа да азық-түлік әкелді.

Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы, айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов Ботақара кентінің ауруханасына жақын арада жеткізілетін ӨЖЖ аппаратын сатып алды.

Дәрігерлер де назардан тыс қалған жоқ. Оларға қарағандылықтар «Алғыс пакеттерін» табыс етті. «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы аясында Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасы базасында жұқпалы аурулар госпиталінің дәрігерлері азық-түлік жиынтықтарын алды. Онда күн сайын екі ауысымда 120-дан астам медицина қызметкері еңбек етеді.


«Алғыс пакеті» госпиталь қызметкерлерінің тілектерін ескере отырып жасалған. Аптап ыстық күндері олар арнайы костюм, маска және қолғаппен жүруге мәжбүр. Әрбір жиынтыққа ылғалды майлық, қол кремі, бал, лимон, минералды су, табиғи сусындар және басқалар кірді.

Nur Otan партиясының Birgemiz республикалық акциясы аймақта карантин толық аяқталғанға дейін жалғасады. Күн сайын оған көптеген адамдар атсалысып, меценаттар, кәсіпкерлер мен еріктілер белсенді көмек көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар