Қарағанды «жасыл» облигациялар шығаратын алғашқы өңірлердің бірі болуы мүмкін

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Халықаралық инвесторлар аптасы шеңберінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) өкілдері қарағандылық бизнес-қауымдастықтарға «жасыл» қаржыландырудың мүмкіндіктері және болашағы жайлы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметтері бойынша Қарағанды облысы ауаның ластану деңгейі бойынша екінші орында тұр. Бұл мәселе тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл жаһанда өзекті. Қазіргі таңда бүкіл әлем жасыл экономикаға біртіндеп көшу үстінде.

Біздің елімізде «жасыл» қаржыны дамыту бағытында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы әреке етуде. АХҚО «жасыл» экономикаға және орнықты дамуға көшуді ынталандыра отырып, қажетті жағдайлар мен инфрақұрылымды қамтамасыз етеді.

«Жасыл» қаржыландыру – экологиялық тұрақты дамудың кең ауқымындағы экологиялық артықшылықтарды қамтамасыз ететін инвестициялар. Ол қоршаған ортаны қорғайтын, табиғи ресурстарды жинақтайтын және климаттың өзгеруіне жол бермеуге немесе бейімдеуге көмектесетін акционерлік капитал инвестицияларының барлық нысандарын қамтиды. Оны энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға көмектесетін «жасыл» инфрақұрылымдық жоспарларды және өнімділігін арттыру жөніндегі, мысалы, адамдардың денсаулығын жақсарту жөніндегі және осяы сияқты басқа да бағдарламаларды енгізу үшін пайдаланады.

«Жасыл» қаржыны дамыту – АХҚО дамуының негізгі бағыттарының бірі.

АХҚО халықаралық инвесторлар апталығы аясында орталық мамандары осы бағыттың мүмкіндіктері мен келешегін түсіндірді.

Қазіргі уақытта АХҚО инвесторларға қазақстандық нарыққа кіруге көмектесетін құралдарды әзірлеуде. Олардың бірі – бүкіл әлемде кеңінен қолданылатын «жасыл» облигациялар. Мұндай облигацияларды сатудан түскен қаражат экологиялық жобаларға жіберіледі.

«Неліктен облигациялар қазір өте танымал? Себебі облигациялардың несиемен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар. Бұл – өтеу мерзімінің ұзақтығы, өте кең инвестициялық база ашылады, яғни тек банктерде ғана емес, халықаралық ірі қаржы институттарында да ақша алуға болады. Ең бастысы, несиелерден айырмашылығы - мұнда кепілдің қажеті жоқ. Сондықтан да бұл икемді қаржы құралы болып табылады», - деп түсіндірді АХҚО жасыл қаржы орталығының бас менеджері Шынар Алдажұманова.

Бүгінгі күні «жасыл» облигациялардың әлемдік нарығы жыл сайын 40-50% өсіп келеді. Қазіргі таңда аталмыш нарық шамамен 160 миллиард долларға бағаланып отыр, ал 2020 жылға қарай бұл көрсеткішті 1 триллион долларға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Климаттық облигациялар нарығы бойынша көшбасшы Қытай және Құрама Штаттар болып табылады.

Қазақстанда Жасыл экономика тұжырымдамасы белсенді іске асырылуда. АХҚО-ның 2050 жылға қарай баламалы және жаңартылатын энергияны пайдаланудың 50% үлесіне қол жеткізу мақсаты қойылды. «Жасыл» облигацияларды шығару бойынша келешегі зор өңірлердің бірі Қарағанды облысы болуы мүмкін. Себебі мұнда Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станцияларының бірі құрылды.

Соңғы жаңалықтар