Қарағанды жастары вакцинацияға шақыратын челлендж ұйымдастырды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды жастары челлендж ұйымдастырды. Белсенділер вакцинация алудың жеке тәжірибесі туралы бейнероликтер жазып, азаматтарды вакцинациядан өтуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«COVID-ті тоқтатыңыз, вакцинацияланыңыз!» челленджіне 30 жас қарағандылық қатысты. Олардың арасында қалалық штабтың еріктілері, жастар мәслихатының депутаттары, жас педагогтар бар. Олар коронавирусқа қарсы вакцинация тәжірибесі туралы бейнероликтер жазып, эстафетаны университет студенттеріне тапсырды.

Челленджге қатысушылардың бірі Қарағанды техникалық университетінің 22 жастағы магистранты және «Жас Орда» жастар қауымдастығының жетекшісі Ілияс Смайылов болды. Болашақ инженер «Спутник V» вакцинасының екі компонентін үш апта бұрын алғанын және оның жағымсыз реакциялары болмағанын айтты.

«Вакцинация – менің саналы таңдауым. Мен достарыммен бірге вакцинацияға бардым. Мен тек вакцинация ұжымдық иммунитетті қалыптастыра алатынына сенімдімін, сондықтан мен барлығын екпе алуға шақырамын», – деді Ілияс Смайылов.

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті Бектас Жұман вакцинацияны қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы деп санайды. Ол пандемияның қызу шағында коронавируспен жеңіл түрде ауырғанын мойындайды. Сондықтан, егу пункттері ашылған кезде, ол алғашқылардың бірі болып вакцинацияға жазылған.

«Менің туыстарым да ауырды. Бақытымызға орай, барлығы жеңіл өтті. Менің барлық жақындарым да егілді. Жалпыға бірдей вакцинация бізге бетперде, қашықтық және шектеусіз күнделікті өмірге оралуға көмектеседі деп сенеміз. Вакцинация адамзатты бірнеше рет құтқарды, бұл жолы да жақсы болады деп ойлаймын», – деп есептейді Бектас Жұман.

Челленджді ұйымдастырушылар жас қарағандылықтарды осы қатарға қосылуға шақырады. Вакцинациялауға шақыратын бейнероликтерді әлеуметтік желілердегі парақшаларыңызда #ОстановиCovidВакцинируйся хэштегімен жариялауға болады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылардың – Қарағанды Жастар ресурстық орталығының @qaragandy_jastary, Қарағанды ішкі саясат бөлімінің @ovp.karaganda және @stopcovidkaraganda парақшаларын атап өту қажет.

Соңғы жаңалықтар