Қарағанды және Павлодар облыстарында боранға байланысты жол жабылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, Қарағанды облысында «Қызылорда-Павлодар» тасжолының 1065-1135 шақырым аралығы, Молодежный ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі учаске жабық.

Оған боран мен жолдың көрінбеуі себеп болды.

Сондай-ақ Павлодар өңірінде «Қызылорда-Павлодар» тасжолының 1135-1206 шақырымы, атап айтқанда Қарағанды облысы шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралығы жабылды.


Соңғы жаңалықтар