Қарағанды тұрғыны өзінің сүйікті ісін бизнеске айналдырды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық Сымбат Елікбаев өзінің сүйікті ісін бизнеске айналдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірнеше жыл ішінде оның ісі үлкейгені соншалық, қазір оның командасында бірнеше адам жұмыс істейді. Ал оның табиғи былғарыдан жасалған өнімдерін еліміздің қалалары тапсырыспен алдырады.

Жақында Сымбат республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауының «Асар» номинациясы бойынша жеңімпазы атанды. Ол балалар үйінің тәрбиеленушілерін халық қолөнеріне тегін үйретеді.

Қазір Сымбат Қалиеваның «Сән-Сымбат» деген өз бренді бар. Ол былғарыдан ұлттық нақышта аксессуарлар жасайды. Мысалы, қолдорбалар, әмияндар, кілтке тағатын әшекейлер және тағы басқа. Кәсіпкер этностильге, ұлттық ою-өрнекке деген қызығушылықты анасы оятқанын айтады.

«Менің анам және енем киізден ұлттық қазақи өрнектермен әртүрлі заттар жасады. Олар бұл - сақталуы тиіс өнер деп айтып отыратын. Ою-өрнектің әдемілігін мен ес білгелі түсіндім. Сол кезде оларды әртүрлі дүниелерге жабыстырып, өрнектей бастадым», - дейді Сымбат.

Ол алдымен киізден кәдесыйлар жасап, базарда саудаға шығарған. Бас кезінде сұраныс аса қатты болмады деп еске алады. Мерекелерге кәдесыйларды көбірек алатын, ал күнделікті тұтыну үшін киіз өнімдері жарамады.
Көрмелерден соң Сымбатта ойыншықтар мен кәдесыйлар қалса бірден оларды жетімдер үйіне сыйға тартатын.

«Маған тәрбиешілер хабарласып, менің ойыншықтарымды балалар ұйықтағанда құшақтап жатады деп айтқанда жүрегім елжіреп кетті. Одан кейін мен тек ойыншық сыйлап қана қоймай, оны балалар өз еріктерімен жасауға үйрету керек деп шештім. Алдымен бағдарлама құрдым, қазір сол бойынша балаларға тегін үйретемін», - дейді Сымбат.

Бұдан бөлек, өзінің сүйікті ісін тұрақты табыс көзіне айналдыруға ұмтылды. Өз өнімдерін базарларда саудалады.

«Менің жұмысым үшін маған ұсынған бағадан төмен сұрады. «Сенде цех жоқ, өнім аз, үйде жұмыс істейсің» деген әңгімелер айтылды. Бірақ мен көңіл-күйімді түсірмедім. Ары қарай жұмысымды жалғастыра бердім. Сұранысты бақылап отырдым. Одан кейін Сымбат киіз өнімдерін жасайтын шағын цех ашуға шешім қабылдады. Бірақ ол табыс әкелмеді.

«Одан кейін мен неге былғарымен жұмыс істемеске деп ойладым. Бұл ескірмеген материал, әрқашан сұраныста және одан күнделікті қолданатын заттар жасауға болады. Киізден гөрі, былғарыға сұраныс жоғары. Енді сатып алушылар мені өздері іздейді. Ұлттық стильде жасалған кілт салатын, әмиян және брелоктар көп алынады», - дейді Сымбат.

Оның сөзінше, жетістікке жетуіне жақындарының қолдауы зор болған. Оған сонымен қатар, аймақтық іскер әйелдер қауымдастығы да үлкен көмек көрсеткен.

«Сені қолдау, сенім арту - бұл басты күш. Қанша мықты, мақсатшыл болсаң да қолдаусыз, қамқорсыз нағыз әйел бола алмайсың деп ойлаймын. Ал, егер нәзіктік туралы айтар болсам, қолөнер бұл қасиеттерді жақсы дамытады. Яғни шыдамдылық, ұқыптылық, кішкентай нәрселерді байқап қалу, қырағылық, тапсырыс берушіге ұнау үшін ойлау, күш жұмсау секілді қасиеттер дамиды», - дейді Сымбат.

Қазір ол көрмеге дайындалып жатыр және былғары мен ағашты үйлестіріп жаңа топтамасын жасауда.
Сонымен қатар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған жаңа бағдарламамен жұмыс жасауда. Осы жылдың ақпан айында «Қайырымдылық керуені» республикалық конкурсында «Асар» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Сымбат Елікбаеваның сөзінше, бұл жеңіс оны қайырымдылық жасауға одан бетер құлшындыра түскен. Биыл ол балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көбірек сабақ өткізуді жоспарлап қойған.

Соңғы жаңалықтар