Қарағанды тұрғыны көлік жуу ғимаратын марихуана сақтайтын қоймаға айналдырған
2022 жылғы 10 тамыз 16:48

Қарағанды тұрғыны көлік жуу ғимаратын марихуана сақтайтын қоймаға айналдырған

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында 24 кг гашиш пен 200 кг марихуана тәркіленді. Есірткі сатушы өзінің «ісін» дөңгелету үшін көлік жууға арналған үй-жайды жалға алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы ПД есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бөлімшелері өңірге есірткі партияларының түсу арналарын анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты негізде арнайы шара өткізіп жатыр.

Жуырда Қарағанды ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліміне белгілі бір қала тұрғынының марихуананы сақтауға қатысы бар екендігі туралы ақпарат келіп түскен.

Мұқият дайындалған арнайы операция барысында полиция қызметкерлері қала аудандарының бірінде 37 жастағы жүргізушінің басқаруындағы көлікті ұстады.

Осы көлік құралының салонын тексеру кезінде төрт кішкене орама, ал артқы орындықтан өсімдік тектес зат салынған он түйір тауып алған.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар салмағы 275 гр гашиш және салмағы 9,8 кг кептірілген марихуана екені анықталды.

«Ұсталған адамның көлік жуу және шиномонтаж ғимаратын жалға алатыны анықталды. Осы объектілерді тінту барысында өсімдік тектес заты бар тоғыз қап және қара қоңыр түсті заты бар үш қап табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес бұл заттар - салмағы 23,6 кг гашиш және салмағы 190,1 кг кептірілген марихуана. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр», - деп мәлімдеді облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.


Видеодан алын ғ ан кадр

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT