+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Қарағанды тұрғыны киелі Ұлытауға жаяу аттанды

2021 жылғы 23 шілде 22:31
Бөлісіңіз:
Қарағанды тұрғыны киелі Ұлытауға жаяу аттанды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық продюсер Асхат Қажытай Ұлт ұясы - Ұлытауға дейін жаяу марафонға аттанды. 12 күн ішінде ол 777 шақырымды еңсеруге ниетті. Саяхатшы Ұлытау ауданында «Қайырымды километр» қайырымдылық акциясын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтау қаласындағы туристік аумақта инженерлік және көлік инфрақұрылымы жасалуы тиіс - Тоқаев Маңғыстау облысына жыл басынан бері 140 мыңға жуық турист келген

Асхат Қажытай өзінің «Жаяу» жорығын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнайды. Жол бойы ол әлеуметтік желілерде Сарыарқаның көрікті жерлері мен киелі нысандары туралы әңгімелейді. Осылайша ол қызықты орындар мен адамдарға көпшіліктің назарын аударғысы келеді. Марафон аяқталғаннан кейін өзінің саяхаты туралы бейне есеп шығаруға ниетті.

«Бұл менің алғашқы жаяу марафоным емес. Өткен жылы мен өз командаммен бірге Қарағандыдан Ақсоранға дейінгі 333 шақырымды жүріп өттім. Бақытымызға орай, бізде қонақжай адамдар жетерлік. Біз әрқашан түнейтін орын тауып отырдық. Бұл жолы мен Ұлытауды таңдадым, себебі ол өзінің туристік әлеуетімен бірегей», – деп атап өтті Асхат Қажытай.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT