+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қарағанды тұрғыны 777 шақырымды жаяу жүріп өтті

2021 жылғы 3 тамыз 22:06
Бөлісіңіз:
Қарағанды тұрғыны 777 шақырымды жаяу жүріп өтті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай продюсер әрі блогер Асхат Қажытай Қарағандыдан Ұлытауға жаяу жетіп, 777 шақырымды бағындырды. «Ұлытау — ұлт ұясы» монументінің жанында марафоншыны әжейлер шашумен қарсы алып, қымыз берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Юлия Путинцева Словениядағы жарыстың жартылай финалына шықты Бокстан ӘЧ-2021: жүлдегер  қазақстандықтарды рекордтық ақшалай сыйақы күтіп тұр Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» латвиялық «Динамодан» жеңіліп қалды

«Менің «Жаяу» марафонымның негізгі мақсаты - адамдарға аудандар мен ауылдардың өмірі мен тарихы туралы айтып беру. Мені алда ұзақ жол күтіп тұр. Оның алдында мен қасиетті Ұлытауға барып, бата алуды шештім», - деп бөлісті саяхатшы.

Бұл – Асхаттың алғашқы жаяу марафоны емес. Өткен жылы ол Қарағандыдан Ақсоранға дейін 333 шақырым жол жүріп өтті.

Саяхатшы бес маршрут жасаған. Марафон күзде Түркістанда аяқталады. Ол аяқталғаннан кейін Асхат өзінің саяхаты туралы бейнеесеп пен кітап шығаруға ниетті.

Болашақта ол Еуропаны жаяу бағындыруды жоспарлап отыр.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT